Референдум-2026

Астанада қоғамдық орында балағат сөз айтқан спортшы айыппұл арқалады

9 шілде, 2026
Думан Аманжол Думан Аманжол
Астанада қоғамдық орында балағат сөз айтқан спортшы айыппұл арқалады
Фото: Оңалхан Өнерхан

Астанада қоғамдық орында балағат сөз айтқан спортшы жауапқа тартылды, деп хабарлайды Elordainfo.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Қазақстандық спортшы қоғамдық іс-шара кезінде балағат сөздер айтып, сот шешімімен айыппұл төлеуге міндеттелді.

«Қоғамдық орында әдепсіз сөздер айтып, айналасындағыларға құрметсіздік таныту арқылы ұсақ бұзақылық жасағаны үшін азамат әкімшілік жауапқа тартылды. Сот шешімімен оған 20 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды», делінген хабарламада.

Полиция қоғамдық тәртіпті бұзып, айналасындағыларға құрметсіздік білдіретін кез келген әрекет заңнамаға сәйкес жауапкершілікке әкелетінін еске салды.

Еске салсақ, Астанада мас күйде көлік басқарған 18 жүргізуші ұсталды.