Астанада Тұран даңғылының бойында орналасқан дәмханада өрт шықты, деп хабарлайды Elordainfo.kz.
Өрт асүйдің желдету жүйесін, қаптамасын және ғимараттың сыртқы қабырғасын шарпыған.
«Өрт 25 шаршы метр аумақта сөндірілді.
Зардап шеккендер жоқ.
Өрттің шығу себебі анықталуда», - делінген ТЖМ хабарламасында.
