Астанада қар күреу жұмысына 3 мыңға тарта жол жұмысшы тартылды

5 наурыз, 2026
Сабина Кәкімжан Сабина Кәкімжан
Астанада қар күреу жұмысына 3 мыңға тарта жол жұмысшы тартылды
Фото: Астана қаласы әкімдігі

Елорданың коммуналдық қызметі алғаш қар жауған күннен бастап, күні-түні тоқтаусыз жұмыс істеп келеді, деп хабарлады Elordainfo.kz Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Өткен түнде елордадан қар полигондарына 1 997 ауыр жүк көлігінің рейсі арқылы 32 143 текше метр қар шығарылды.

5 наурыз күні таңертең қаланы қар мен көктайғақтан тазартуға шамамен 1 640 арнайы техника мен 2 981 жол жұмысшысы тартылды.

Алдымен негізгі көшелер мен қоғамдық көлік жолдары тазаланады. Одан кейін қозғалыс қарқыны орташа учаскелерде – аулаларда, алаңдарда, тротуарлар мен аялдамаларда тазалық жүргізіледі.

Қыс мезгілі басталғалы бері қар полигондарына 439 575 рейспен 6 млн 595 мың 425 текше метр қар шығарылды.

Қала тұрғындарының қауіпсіз қозғалысын қамтамасыз ету үшін жолдар, тротуарлар мен көшелерге техникалық тұз себілуде. Бұл жұмыстар да тәулік бойы атқарылып жатыр.

Астана қаласының әкімдігі қала тұрғындары мен қонақтарын қауіпсіздік ережелерін сақтауға, жолдар мен тротуарларда барынша сақ болуға, сондай-ақ қолайсыз ауа райы жағдайында алыс жолға шықпауға шақырады.

Бұған дейін «Астана – Көкшетау» тасжолында жаңа қардан қорғау жүйесі сынақтан өтіп жатқанын жаздық.