Астанада өткен республикалық хакатон сайысы аяқталды

Бүгін, 08:32
Кербез Әлішер Кербез Әлішер
Астанада өткен республикалық хакатон сайысы аяқталды
Фото: Оқу-ағарту министрлігі

Астанада алғаш рет ұйымдастырылған «Teacher’s Hackathon» республикалық педагогикалық хакатоны сәтті аяқталды, деп хабарлады Elordainfo.kz Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Іс-шара еліміздің барлық өңірінен келген жас педагогтердің басын қосты. Хакатонға 76 мамандандырылған мектептен жас педагогтер қатысты. Олар 15 командаға бөлініп, білім беру саласындағы өзекті мәселелерге бағытталған инновациялық жобаларын әзірледі.

«Екі күнге созылған хакатон барысында қатысушылар заманауи педагогикалық тәсілдер мен цифрлық технологияларды қолдана отырып, өз идеяларын ұсынды, тәжірибе алмасты. Бұл алаң жас педагогтердің шығармашылық әлеуетін ашуға және кәсіби қауымдастықтағы өзара байланысты нығайтуға мүмкіндік берді», - деп жазылған хабарламада.

«Teacher’s Hackathon» - жас ұстаздардың кәсіби құзыреттілігін арттыруға, жобалық және командалық жұмыс дағдыларын дамытуға бағытталған маңызды республикалық алаң ретінде қалыптасып келеді.

Бұған дейін жеке мектептерге қойылатын талаптар күшейетінін жаздық.