25.11.2025
RU
Мәзір

Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Астанада нашақорлықтың алдын алу бойынша конкурсқа өтінім қабылдау жүріп жатыр

|
Photo: Астана қаласы әкімдігі
Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Астанада нашақорлықтың алдын алу бойынша конкурсқа өтінім қабылдау жүріп жатыр

|
Photo: Астана қаласы әкімдігі

Астанада «Esirtkisiz Elorda» жобасы аясында нашақорлықтың алдын алу жөнінде ең үздік идеялар конкурсына жұмыстар қабылдау мерзімі 5 желтоқсанға дейін ұзартылды, деп хабарлады Elordainfo.kz Астана қаласы әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Бүгінгі таңда конкурсқа 31 өтінім түскен.

Байқауға Астана қаласындағы ЖОО, колледж және мектеп студенттері қатыса алады.

Ұсынылатын жұмыста идеяның атауы, автордың аты-жөні, білім беру мекемесінің атауы, сондай-ақ байланыс нөмірі мен e-mail көрсетілуі қажет.

Конкурс материалдарының форматы төмендегідей болуы тиіс:
1. Презентация – 10 слайдқа дейін (.ppt / .pdf). Онда:
• идеяның мақсаты мен мәні,
• мақсатты аудитория,
• күтілетін нәтиже,
• іске асыру жоспары көрсетілуі керек.

2. Идеяның қысқаша сипаттамасы – (.doc / .docx) форматындағы файл, 200 сөзден аспауы тиіс,
шрифт — Times New Roman, размер – 14, жол аралығы – 1.5.

3. Бейнеролик (Reels/Shorts) – 1 минутқа дейін, .mp4 форматында.
Видео идеяны визуалды түрде көрсетуі керек (сұхбат, актерлік қойылым, графика немесе storytelling).

Үздік идеялар қалалық финалға жіберіледі.

Материалдар ұйымдастыру комитетінің электронды поштасына жіберіледі: Esirtkisizelorda.ast@gmail.com.

Қосымша ақпаратты мына нөмірден алуға болады: 8 747 129 97 90.

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы ↗