Астанада Керей-Жәнібек хандар көшесінің бір бөлігі уақытша жабылды

Бүгін, 10:49
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
Астанада Керей-Жәнібек хандар көшесінің бір бөлігі уақытша жабылды
Фото: Оңалхан Өнерхан

Астанада Керей-Жәнібек хандар көшесінің Ә.Бөкейхан көшесінен Ш.Мұртаза көшесіне дейінгі аралығында жөндеу жұмысы жүргізіледі, деп хабарлайды Elordainfo.kz қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Осыған байланысты, 21-25 мамыр аралығында аталған учаскеде қозғалыс толықтай жабылады.

«Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер жүру бағытын алдын ала жоспарлауы және ықтимал өзгерістерді ескеруі қажет.

Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықты азайту үшін уақытша жол белгілері мен көрсеткіштер орнатылатын болады», - делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, Астанада құрбандық шалу рәсімі өтетін орындар белгіленді.