Астанада инклюзивті «Көңілді старт» жарысы өтті
Астана қаласының Нұра ауданында Дүниежүзілік аутизм мәселесі туралы ақпаратты тарату күніне арналған инклюзивті «Көңілді старт» жарысы өтті,, деп хабарлайды Elordainfo.kz елорда әкімдігінің сайтына сілтеме жасап.
Ерекше балаларға арналған іс-шараға 20 бала қатысты.

«Іс-шараның мақсаты – қоғамда аутизм туралы ақпараттандыру деңгейін арттыру, ерекше білім беруді қажет ететін балаларды қолдау және инклюзивті спортты дамыту болатын. Бүгінгі күні сол үдеден шыға білдік. 20 ерекше бала қамтылып отыр.
Ұйымдастырушы ретінде айтарым, ерекше балалар өздерін қоғамға қажетті сезініп, спорттық шараларда өте белсенділік танытады», – деді Спорттық-бұқаралық іс-шараларды өткізу дирекциясының менеджері Гүлнәр Базарханова.
«Инклюзивті спорт» орталығында өткен шараға қатысушылар арасында көңілді эстафеталар, спорттық ойындар ұйымдастырылды.

Айта кету керек, Астана қаласы бойынша 640 ерекше бала бар.

Еске салсақ, Бүгін Astana Opera театрында ерекше балалардың концерті өтті.