Астанада экологиялық акция аясында жазғы веломаусым ашылды

Бүгін, 15:28
Думан Аманжол Думан Аманжол
Астанада экологиялық акция аясында жазғы веломаусым ашылды
Фото: Астана қаласы әкімдігі

Астанада «Таза Қазақстан» республикалық акциясы мен «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында жазғы веломаусымның ашылуы өтті. Осыған орай, дәстүр бойынша жаппай велошеру ұйымдастырылды, деп хабарлайды Elordainfo.kz елорда әкімдігіне сілтеме жасап.

Ұйымдастырушылар велошерулерді халықты тұрақты спортқа тартудың тиімді құралы екенін атап өтті. 

«Негізгі мақсат – тұрғындарды бұқаралық спортқа, әсіресе велоспортқа тарту, оны қолжетімді демалыс түріне айналдыру. Іс-шара барысында қатысушыларға жолда жүру ережелері мен қалада жаттығу мүмкіндіктері туралы да түсіндіріледі. Мұндай бастамалар қауіпсіз әрі белсенді өмір салты мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді. Маусым ішінде тағы бірнеше жарыс өткізу жоспарланған, ал дәстүрлі жабылу іс-шарасы күзде өтеді», – деді спорттық-бұқаралық іс-шараларды өткізу дирекциясы басшысының орынбасары Ержігіт Өсербай.

Қатысушылардың айтуынша, мұндай шаралар тек спорт алаңы ғана емес, сонымен қатар мотивация көзіне айналып отыр. Велошерулерге тұрақты қатысу дене шынықтырумен шұғылдануға және белсенді өмір салтын қалыптастыруға көмектеседі.

«Мен велошерулер мен жүгіру жарыстарына үнемі қатысамын, әр жолы ерекше әсер аламын. Белсенді өмір салтын таңдаған адамдардың көптігін көру – үлкен мотивация. Осындай шаралар спорттың күнделікті өмірдің бір бөлігіне айнала алатынын көрсетеді», – деді елорда тұрғыны Абылайхан Төлегенов.

Қатысушылар қатарында жас спортшылар да бар. Олар үшін мұндай велошерулер жаттығу процесінің бір бөлігіне айналған. Бұл – қосымша жүктеме алып, төзімділікті арттырудың тиімді жолы.

Қазақстан құрамасының биатлоншысы, 12 жастағы Абай Жұмабек түрлі дайындық түрлерін қатар алып жүреді. Оның айтуынша, велошеруге қатысу маусымаралық кезеңде спорттық форманы сақтауға көмектеседі.

«Мен биатлонмен айналысамын, сондықтан жыл бойы формада болу маңызды. Қыста – шаңғы, жазда – велосипед. Осындай жарыстар төзімділікті жоғалтпауға көмектеседі. Мұнда ұйымшылдық жоғары, маршрут та қызықты. Бұл тек жаттығу ғана емес, сонымен бірге жақсы көңіл күй сыйлайды», – деді ол.

Еске салсақ, бүгін Астанада жазғы веломаусым ресми түрде ашылды.