Референдум-2026

Астанада дропперлік пен интернет-алаяқтыққа қарсы ақпараттық науқан жалғасуда

30 маусым, 2026
Ернұр Сағымбек Ернұр Сағымбек
Астанада дропперлік пен интернет-алаяқтыққа қарсы ақпараттық науқан жалғасуда
Фото: Астана қалалық прокуратурасы видеосының скрині

«Заң мен тәртіп» тұжырымдамасын іске асыру аясында Астана қаласының Нұра ауданы прокуратурасы дропперлік пен интернет-алаяқтықтың алдын алуға бағытталған әлеуметтік бейнеролик дайындады, деп хабарлайды Elordainfo.kz Астана қаласының прокуратурасына сілтеме жасап.

Бейнероликте банк шоттарын, төлем карталарын, дербес деректерді және өзге де төлем құралдарын үшінші тұлғалардың пайдалануына берудің құқықтық салдары түсіндіріліп, сондай-ақ алаяқтық схемаларға жәрдемдескені үшін жауаптылық туралы ескертіледі.

Астана қаласының прокуратурасы азаматтарды қырағылық танытуға, өздерінің банктік деректері мен реквизиттерін бөгде адамдарға бермеуге, күмәнді қаржылық операцияларға қатыспауға және алаяқтық фактілері туралы құқық қорғау органдарына дереу хабарлауға шақырады.