Астанада демалыс күндері ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді
15 қаңтар, 2026
Елордада 17-18 қаңтар күндері кезекті қалалық ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді, деп хабарлайды Elordainfo.kz қала әкімдігінің сайтына сілтеме жасап.
Жәрмеңкеде жергілікті фермерлер мен Қазақстанның түрлі өңірінен келген өндірушілердің өнімдері ұсынылады.
«Қала тұрғындары мен қонақтары көкөніс пен жеміс-жидек, ет өнімдері, ұн және сүт өнімдері, нан-тоқаш өнімдері, табиғи шырындар, тосаптар, джемдер және басқа да тауарларды тиімді бағамен сатып ала алады. Іс-шара 17 және 18 қаңтар күндері сағат 10:00-ден 19:00-ге дейін «Keryen Joly» сауда орталығында өтеді», делінген хабарламада.
Жәрмеңке маңынан №7, 11, 39, 41, 45, 53, 59, 81, 307, 317 бағыттағы қоғамдық көліктер қатынайды.
Ұқсас жаңалықтар
3 мамыр, 2026
LRT-ның екінші кезеңі: Қосшы бағытындағы алғашқы баған дайындалды
3 мамыр, 2026
Астанадағы жәрмеңкеде өңірлерден келген 30-ға жуық кәсіпкер өнімін ұсынды
3 мамыр, 2026
Астанада қала сыртындағы айналма жолдың бір бөлігі жабылады
3 мамыр, 2026
Астанада 440-тан астам студент әскери ант қабылдады