Астанада бірнеше көше жөндеуге байланысты уақытша жабылады
Астанада әлеуметтік нысандарға кіреберіс жолдар салу және Шығыс тұрғын алабындағы көше-жол желісін дамыту жобасы аясында бірқатар көшеде жол жөндеу жұмыстары жүргізіледі, деп хабарлайды Elordainfo.kz қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Жоба аясында Сығанақ көшесі, Е32, Е15 және Е36 көшелерінің аумағында орналасқан жол учаскелеріне асфальт-бетон жабынының үстіңгі қабатын төсеу жоспарланған.
Осыған байланысты төменде көрсетілген көшелерде уақытша қозғалыс шектеулері енгізіледі:
Әйтеке би көшесінде Мәншүк Мәметова көшесінен Е15 көшесіне дейінгі аралықта – 11-16 маусым аралығында;

Е14 көшесінде Әйтеке би көшесінен Е36 көшесіне дейінгі учаскеде – 16-24 маусым аралығында;
Е15 көшесінде Әйтеке би көшесінен Е36 көшесіне дейінгі аралықта – 24 маусым мен 3 шілде аралығында;

Е35 көшесінде Мәншүк Мәметова көшесінен Е15 көшесіне дейінгі учаскеде – 4-10 шілде аралығында.
Қала әкімдігі тұрғындар мен көлік жүргізушілерінен жол жүру бағытын алдын ала жоспарлап, уақытша енгізілген өзгерістерді ескеруді сұрайды.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Нәжімеденов көшесінің бойындағы бірқатар қиылыстың уақытша жабылатынын жазғанбыз.