Астанада балалардың терезеден құлауын болдырмау шаралары күшейтілді
Астанада балалардың терезеден құлауының алдын алу мақсатында құтқарушылар полиция қызметкерлері мен еріктілермен бірлесіп, тұрақты түрде профилактикалық жұмыс жүргізіп келеді, деп хабарлайды Elordainfo.kz қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Жыл басынан бері қала аумағында 250-ден астам профилактикалық рейд ұйымдастырылып, оның барысында тұрғындарға 4 500-ден астам ақпараттық жадынама таратылды.
Сонымен қатар әлеуметтік осал санаттағы отбасыларға, көпбалалы жанұяларға және кішкентай балалары бар отбасыларға 1 400-ден астам терезе қауіпсіздік бекіткіші тегін орнатылды.
Профилактикалық іс-шаралар барысында құтқарушылар ата-аналарға балаларды қараусыз қалдырмаудың, москит торына сенбеудің, терезелерге арнайы қорғаныс құрылғыларын орнатудың және терезе маңына жиһаз қоймаудың маңызын түсіндіреді.
Мамандар балалардың қауіпсіздігі – әрбір ата-ананың жауапкершілігі екенін кезекті рет еске салады.
Еске сала кетейік, Астанада су айдындарындағы қауіпсіздік шараcы күшейтілді.