20.11.2025
RU
Мәзір

Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Астанада ақын Тұманбай Молдағалиевтің шығармашылығына арналған кеш өтті

|
Photo: Астана қаласы әкімдігінен
Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Астанада ақын Тұманбай Молдағалиевтің шығармашылығына арналған кеш өтті

|
Photo: Астана қаласы әкімдігінен

Астанада Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының «Алматы» ауданындағы филиалы елордадағы Құрылыс-техникалық колледжінде қазақтың лирик ақыны Тұманбай Молдағалиевтің шығармашылығына арналған тағылымды әдеби-музыкалық кездесу кешін өткізді, деп хабарлады Elordainfo.kz.

«Ұрпақтар сабақтастығы» жобасы аясында өткен іс-шараның негізгі мақсаты – ақын мұрасын жас ұрпақ санасына терең сіңіру, поэзияға деген сүйіспеншілікті арттыру және екі буын арасындағы рухани сабақтастықты нығайту болды.

Кеш барысында қатысушылар ақынның өмір жолы мен шығармашылық белестеріне шолу жасап, оның балалық шағы, білім алуы және әдебиеттегі қызметі жөнінде мазмұнды деректер тыңдады. Студенттер дайындаған танымдық баяндамалар шараның мазмұнын тереңдете түсті.

Әдеби-музыкалық бағдарлама әртүрлі музыкалық, поэзиялық нөмірмен ерекшеленді.

Кеш Нұрғиса Тілендиев пен Тұманбай Молдағалиев арасындағы шығармашылық байланысты айқындайтын «Құстар әні» туындысын орындаумен басталды.

Сонымен қатар ақынның лирикалық өлеңдері де оқылды. Атап айтқанда, «Жүрек сыры», «Ана тілі», «Он сегізге жасым толғанда», «Кінә қойма, ақын дос…», «Жылдар өтіп барады» өлеңдері оқылып, көпшіліктің көңіліне жылы әсер сыйлады.

Ақын сөзіне жазылған «Бақыт құшағында», «Куә бол», «Қаздар қайтып барады», «Қайран менің жүрегім» атты танымал әндер шырқалып, кештің сәнін келтірді.

Аталған іс-шараны ұйымдастыруға зейнеткерлердің «Темірлан» поэзия клубы мұрындық болды.

Кеш тыңдармандарға рухани қуат сыйлап, жиналғандар Тұманбай Молдағалиевтің жүрекке жақын жырларынан ерекше әсер алды.

«Бүгін екі буын өкілдері арасында рухани сабақтастық болды деп айта аламын. Біздің әжелер ақынның 10-ға жуық әнін орындап, өлеңдерін жатқа оқыса, студент жастар өз кезегінде Тұманбай Молдағалиевтің өмір жолы мен өнер жолы туралы деректерді әңгімелеп берді. Бұған дейін ұрпақтар сабақтастығы аясында №91 гимназия-мектебінде әдеби кеш өткізсек, алдағы уақытта университет студенттерімен кездесеміз» - деді Орталықтың мәдени ұйымдастырушы Бақытжан Төлеубаева.

Зейнеткерлердің поэзия клубы алдағы уақытта да, ақын шығармашылығына арналған осындай әдеби-музыкалық және танымдық кештерді ұйымдастыруды жалғастыратын болады.

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы ↗