Референдум-2026

Астанада алкогольді заңсыз сату және кальян шегу бойынша рейд өткізілді

Бүгін, 12:01
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
Астанада алкогольді заңсыз сату және кальян шегу бойынша рейд өткізілді
Фото: Оңалхан Өнерхан

Астанада алкоголь және темекі өнімдерін сату саласындағы заңнаманың бұзылуын анықтау бойынша рейдтік іс-шара өткізілді, деп хабарлайды Elordainfo.kz.

Тексеру барысында уәкілетті органдардың қызметкерлері заңмен тыйым салынған уақытта алкоголь өнімін сатудың 4 фактісін, сондай-ақ белгіленбеген жерлерде кальян өнімін заңсыз тұтынудың 15 фактісін анықтады.

Барлық құқық бұзушылар әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Мұндай фактілердің жолын кесу бойынша профилактикалық жұмыс жалғасуда және аудандық прокуратураның тұрақты бақылауында.

Еске сала кетейік, Астанада полиция топырақты заңсыз тасымалдамақ болған төрт жүк көлігін тоқтатты.