Астана-Щучинск жолында жол апатынан бес адам зардап шекті

Астана-Щучинск жолында жол апатынан бес адам зардап шекті
Фото: Ақмола облысы ТЖД

Бүгін автобанның Бұланды ауданы аумағында екі жеңіл автокөлік соқтығысты, деп хабарлайды Elordainfo.kz Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Жол-көлік оқиғасы кезінде көліктерде сегіз адам, оның ішінде үш бала болған. 

Оқиға орнына дереу Макинск кентіндегі трассалық медициналық-құтқару пунктінің құтқарушылары жетті.

Олар бес зардап шеккен адамға, оның ішінде екі балаға қажетті медициналық көмек көрсетті. Кейін зардап шеккендерді Бұланды ауданының орталық ауруханасына жеткізді.

Еске салсақ, Ақмола облысының құтқарушылары аударылып қалған жүк көлігінің жүргізушісі Әзербайжан азаматына көмек көрсетті.