Мұсылман күнтізбесі бойынша 2026 жылы Рамазан айы 19 ақпанда басталады, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Ал наурыз айының 16-нан 17-не қараған түн – қасиетті Қадір түні. 20 наурыз – Ораза айт мерекесі.
Биыл пітір садақасы еліміз бойынша екі келі ұнның орташа бағасы негізінде 735 теңге болып бекітілді.
Рамазан айында рұқсат етілген және тыйым салынған амалдар қандай?
Сондай-ақ өзіңізге қажетті облыс, қала, аудан және ауылдың ораза және намаз кестесін жоғары сапада pdf форматта muftyat.kz сайтынан жүктеп алуға болады.
