Астана прокуратурасы цифрлық бақылау жүйелерін күшейтуде

Бүгін, 20:04
Думан Аманжол Думан Аманжол
Астана прокуратурасы цифрлық бақылау жүйелерін күшейтуде
Фото: Оңалхан Өнерхан

Астана қаласының прокуратурасы заманауи цифрлық құралдарды енгізу және заңдылықты қамтамасыз ету мен мемлекеттік мүдделерді қорғау мақсатында талдамалық технологияларды пайдалану мүмкіндіктерін кеңейту бойынша жұмысты жалғастыруда, деп хабарлайды Elordainfo.kz Бас прокуратураға сілтеме жасап.

Осы жұмыс аясында Астана қаласының прокуроры Ғабит Мұқанов ғарыштық технологиялар, спутниктік мониторинг және геоақпараттық жүйелер саласындағы еліміздің жетекші кәсіпорындарының бірі болып табылатын «Қазақстан Ғарыш Сапары» АҚ мүмкіндіктерімен танысты.

Кездесу барысында жер ресурстарын пайдалануды бақылау, құрылыс объектілеріне мониторинг жүргізу және заңнама бұзушылықтарын анықтау үшін қолданылатын спутниктік мониторинг, геоақпараттық платформалар және талдамалық жүйелер саласындағы заманауи шешімдер таныстырылды.

Мемлекеттік бақылаудың тиімділігін арттыру, тәуекелдерді талдау және құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында цифрлық технологияларды практикалық қолдану мәселелеріне ерекше назар аударылды. 

Сондай-ақ ведомствоаралық өзара іс-қимыл перспективалары және мемлекеттік органдардың жұмысында заманауи технологиялық шешімдерді одан әрі пайдалану мәселелері талқыланды.

Астана қаласының прокуратурасы заңдылықты нығайтуға, азаматтардың құқықтары мен мемлекеттік мүдделерді қорғауға бағытталған заманауи тәсілдер мен цифрлық шешімдерді енгізу бойынша жұмысты алдағы уақытта да жалғасатынын хабарлады.

Еск есалсақ, Астана қаласының Алматы ауданының прокуратурасы ойын-сауық мекемелерінің иелерімен профилактикалық кездесу өткізді