Астанада ойын-сауық мекемелерімен қоғамдық қауіпсіздік мәселесі талқыланды

Бүгін, 08:58
Думан Аманжол Думан Аманжол
Астанада ойын-сауық мекемелерімен қоғамдық қауіпсіздік мәселесі талқыланды
Видеодан скрин

«Заң мен Тәртіп» идеологиясын іске асыру аясында Астана қаласының Алматы ауданының прокуратурасы ойын-сауық мекемелерінің иелері мен әкімшілерімен профилактикалық кездесу өткізді, деп хабарлайды Elordainfo.kz Астана қаласының прокуратурасына сілтеме жасап.

Іс-шара барысында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтардың алдын алу және қоғамдық қауіпсіздік саласындағы заңнама талаптарын сақтау мәселелері талқыланды.

«Қатысушыларға кәмелетке толмағандарға алкоголь өнімдерін сатқаны, мекемелердің жұмыс режимін бұзғаны үшін жауапкершілік шаралары, сондай-ақ жанжалды жағдайлардың, бұзақылықтың және өзге де құқыққа қарсы әрекеттердің алдын алу жөнінде шаралар қабылдау қажеттігі түсіндірілді», делінеді хабарламада.

Сондай-ақ бейнебақылау жүйелерінің жұмыс істеуі, полиция органдарымен өзара іс-қимыл жасау және кәсіпкерлік объектілеріне іргелес аумақтарда азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелеріне назар аударылды.

Астана қаласының прокуратурасы құқық бұзушылықтардың алдын алуға, қоғамдық қауіпсіздікті нығайтуға және кәсіпкерлік субъектілері мен азаматтардың заңнама талаптарын сақтауын қамтамасыз етуге бағытталған жүйелі жұмыстар жалғасатынын хабарлады.