06.11.2025
RU
Мәзір

Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Астана әуежайында 80 жастағы марафоншы Салтанат Түйтебаевты қарсы алды

|
Photo: Василий Крась
Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Астана әуежайында 80 жастағы марафоншы Салтанат Түйтебаевты қарсы алды

|
Photo: Василий Крась

4 қарашадан 5 қарашаға ауған түні Астана халықаралық әуежайында жүгіруден Нью-Йорк марафонында 80-89 жас санатында чемпион атанған Салтанат Түйтебаев елге оралды, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Көпке үлгі, жүгіруді күнделікті әдетке айналдырған атамызды Астана қаласының Дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары Азамат Ағзамов, туған-туыстары құшақ жая қарсы алды.

«Әлемде ең беделді саналатын 6 марафон бар. Олар: Лондон, Бостон, Берлин, Чикаго, Нью-Йорк және Токио. Бұл бәсекеге тек жарна төлеп қана қатыса алмайсың. Арнайы уақыт нормативін орындауға тиіссің. Мен Амстердамдағы трассада белгілі бір уақыт көрсеткішін тіркеп, Нью-Йорк марафонына қатысуға өтініш жібергенмін. Биыл 200 мың үміткер арасынан шақырту алдым. Өз мансабымда екінші мәрте Нью-Йорк марафонында жүгіру бақыты бұйырды», - деді Салтанат Түйтебаев.

80 жастағы атамыз бұған дейін 2021 жылы да Нью-Йорк марафонына қатысып, 75-79 жас санатында күміс жүлде алған еді. Міне, араға 4 жыл салып, ол 42,2 шақырымды 4 сағат 45 минут 56 секундта жүгіріп өтті. Осы нәтиженің арқасында атамыз 80-89 жас санатында топ жарды.

«2021 жылы әлемде пандемия болғанықтан, Нью-Йорк марафонына 30 мыңдай адамға қатысуға рұқсат беріліп еді. Осы жолы 55 мың адам бір мезетте жүгірді. Олимпиада және әлем чемпиондары, рекордсмендермен бірге жүгіру үлкен мәртебе. Трасса өте ауыр болса да, жол бойы 2 млн-нан астам жанкүйер қызу қолдады», - деп Салтанат Түйтебаев атамыз биылғы жарыстың ерекшелігін атап өтті.

Жалпы 2025 жылғы Нью-Йорк марафонында Қазақстан атынан 44 спортшы қатысты.

Ал New York Marathon жүгірісінде ең егде қатысушы болып Жапониядан барған Коичи Китабатаке танылды. 91 жастағы қатысушы марафон қашықтығын 7 сағат 25 минут 13 секундта еңсерген.

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы ↗