Астана әуежайы рейстердің кешіктірілуін түсіндірді

Бүгін, 14:09
Кербез Әлішер Кербез Әлішер
Астана әуежайы рейстердің кешіктірілуін түсіндірді
Әуежайдың баспасөз қызметінен

Бүгін Астана әуежайында әртүрлі жағдайларға байланысты бірнеше рейстер  кешікті, деп хабарлады Elordainfo.kz әуежайдың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Бүгін әуежайдың ұшу-қону кестесінде бірқатар кешігулер мен рейстердің тоқтатылуы тіркелді. Ұшу бойынша 3 рейс кешіктірілді: Өскемен мен Алматы бағыттарындағы рейстер. Қону бойынша Алматыдан келетін 5 рейс және Өскеменнен келетін 1 рейс кешікті.Өскемен бағыты бойынша кешігулер аталған қаладағы қолайсыз ауа райына байланысты. Қалған кешігулер әуе кемелерінің кеш келуінен туындады.Бүгін ұшуға 2 рейс — Алматы мен Талдықорған бағыттарына — тоқтатылды. Ұшып келуге үш рейс орындалмайды: Талдықорғаннан, Алматыдан және Өскеменнен келетін рейстер», - деп жазылған хабарламада.

Әуежай штаттық режимде жұмысын жалғастыруда. Рейстерді кешіктіру немесе тоқтату туралы шешімді авиакомпаниялар қабылдайды. Жолаушыларға өз рейстерінің мәртебесін тасымалдаушыдан нақтылап тексеру ұсынылады.

Бұған дейін Астана әуежайында автоматты гейттер іске қосылғанын жаздық.