03.11.2025
RU
Мәзір

Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

«Қарттарды ұрып, қыста сырт киімсіз далаға қуып шыққан»: Ақсуда пансионат қызметкерлеріне қатысты тергеу басталды

|
Photo: фото: Оңалхан Өнерхан
Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

«Қарттарды ұрып, қыста сырт киімсіз далаға қуып шыққан»: Ақсуда пансионат қызметкерлеріне қатысты тергеу басталды

|
Photo: фото: Оңалхан Өнерхан

Ақсу қаласының прокуратурасы қадағалау қызметін жүзеге асыру барысында жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын пансионаттардың бірінде қарттарға қатыгездік көрсету фактілерін анықтады, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Мекемеде түсірілген бейнежазбаларды тексеру барысында пансионат қызметкерлері дәрменсіз екі адамды ұзақ уақыт бойы қорлап, зорлық-зомбылық көрсеткені анықталған. Жәбірленушілердің бірінің жасы - 84-те. Оларды үнемі ұрып-соғып, қолдарын бұрап, қыстың суығында сырт киімсіз аулада ұстаған.

«Осы факті бойынша Ақсу қаласының прокуратурасы ҚР ҚК 110-бабының 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. Қазіргі уақытта барлық кінәлі адамдар анықталды. Тергеу барысы прокуратураның ерекше бақылауына алынды», - делінген хабарламада.

ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етілмейді.

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы ↗