Қарағандыда 50 млн теңгенің темекісі тәркіленді
29 қараша, 2024
Фото: polisia.kz
Полицейлер темекі өнімдерін сататын дүкендердің бірінен заңсыз темекі өнімдерін сату фактісін анықтады, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Жедел іздестіру іс-шаралары барысында 47 мың қорапқа жуық акцизсіз өнім тәркіленді.
Алдын ала есеп бойынша мемлекетке келтірілген шығын көлемі 50 миллион 274 мың теңгені құрады.
Полиция қызметкерлері аталған өнімдерді сатумен айналысқан екі адамды анықтады.
«Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы және осы іске қатысты басқа да тұлғаларды анықтау бойынша іс-шаралар жүргізіліп жатыр», - делінген хабарламада.
Ұқсас жаңалықтар
10 мамыр, 2026
Табиғи және тарихи нысандарды бүлдіргендер қатаң жазаланады - ІІМ ескерту жасады
8 мамыр, 2026
ЕҚЫҰ өкілі Қазақстан сот жүйесіндегі цифрландыру жетістіктерін жоғары бағалады
6 мамыр, 2026
БҰҰ өкілдеріне еліміздің жаңа Конституциясы таныстырылды
6 мамыр, 2026
Елімізде «жасыл» энергия өндірісі 15 пайызға өсті