03.11.2025
RU
Мәзір

Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

«Ар адамы. Бауыржан»: Астанада деректі драманың премьерасы өтеді

|
Photo: Фото: Астана қаласы әкімдігі
Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

«Ар адамы. Бауыржан»: Астанада деректі драманың премьерасы өтеді

|
Photo: Фото: Астана қаласы әкімдігі

Даңқты қолбасшы, Кеңес Одағының батыры, Халық қаһарманы Бауыржан Момышұлының туғанына 115 жыл және Жеңістің 80 жылдық мерейтойына орай Астанадағы  Ә.Мәмбетов атындағы мемлекеттік драма және комедия театры «Ар адамы. Бауыржан» деректі драмасын ұсынады, деп хабарлады Elordainfo.kz қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

«Ар адамы. Бауыржан» деректі драмасы – адамзат тарихындағы ең ауыр Екінші дүниежүзі соғысы жылдарындағы қасірет пен ерліктің, ар-намыстың және отансүйгіштіктің көркем шежіресі. Туындыда Бауыржан Момышұлының қайраткерлік тұлғасы, жауынгерлік рухы, әділет пен адамгершілікке деген биік мұраты сахналық тілмен бейнеленген.

Деректі драма жас ұрпақтың бойына патриоттық сезім, адалдық, намысшылдық сияқты асыл қасиеттерді сіңіретін, шынайы батырлықтың бейнесін көрсететін көркем туынды.

Іс-шараға батырдың отбасы мүшелері және туындының режиссері мен авторы қатысады.

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы ↗