Референдум-2026

Ақтауда автогаз құю бекеттеріндегі жағдай тұрақты - әкімдік

Бүгін, 15:03
Думан Аманжол Думан Аманжол
Ақтауда автогаз құю бекеттеріндегі жағдай тұрақты - әкімдік
Фото: Ақтау қаласы әкімдігі

Ақтау қаласы бойынша автогаз құю бекеттеріндегі сұйытылған мұнай газын өткізу жағдайына күнделікті мониторинг жүргізілуде, деп хабарлайды Elordainfo.kz Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

19 шілде күні сағат 12:00-дегі мониторинг нәтижесіне сәйкес, қала аумағындағы 32 автогаз құю бекеті тұтынушыларға қызмет көрсетуде.

Мониторинг барысында барлық жұмыс істеп тұрған бекеттерде сұйытылған мұнай газының бөлшек сауда бағасы 72 теңгені құрайтыны анықталды.

«Кезек жағдайы тұрақты. Қаланың сыртқы аумақтарында орналасқан автогаз құю бекеттерінде кезектік төмен. Жалпы, жұмыс істеп тұрған бекеттерде кезек орта есеппен 3–15 автокөлік аралығында ғана тіркелген, ал бірқатар бекеттерде кезек мүлде жоқ», делінген хабарламада.

Ақтау қаласы әкімдігі автогаз құю бекеттеріндегі жағдайды тұрақты бақылауда ұстап, тұрғындарды тек ресми ақпаратқа сүйенуге шақырды.

Еске салсақ, елімізде мұнай өнімдерін өткізу цифрландырылып жатыр.