Ақпан айында елімізде ауа райы қандай болады

Ақпан айында елімізде ауа райы қандай болады
Фото: freepik.com

Қазгидромет ақпан айындағы ел аумағындағы ауа райының консультативтік болжамын жариялады , деп хабарлайды Elordainfo.kz.

Консультативтік синоптикалық болжамға сәйкес, 2026 жылғы ақпан айы жылырақ болып, жауын-шашын мөлшері орташа деңгейде болады.

Синоптиктердің болжауынша, жалпы ақпан айында ең қатты аяз батыста, солтүстікте, орталықта және шығыста бірінші және екінші онкүндікте болады. Түнде 21-30 градус суық, шығыстың таулы аймақтарында 35 градус аяз, күндіз минус 13-20-ға дейін төмендеуі ықтимал. 

Бірінші онкүндіктің ортасында және соңында (басында еліміздің батысында), сондай-ақ екінші және үшінші онкүндіктің жекелеген күндерінде күндіз жылымық болуы мүмкін. 

Республиканың оңтүстік жартысында ақпан бойы түнгі температура минус 5-тен плюс 5 жылыдан 3-15 градус суық, күндіз 3-10 градус жылыдан 8-17  жылыға дейін ауытқуы мүмкін. 

Еліміздің солтүстік бөлігінде негізінен қар жауады, ал оңтүстік-батыста және оңтүстік өңірлерде жаңбыр мен жылбысқы қар түседі. Сондай-ақ өңірлерде тұман, көктайғақ, күшті жел, солтүстікте бұрқасын соғуы ықтимал. 

Еске салсақ, 2025 жыл метеорологиялық бақылау тарихындағы ең жылы жылдардың бірі болды.