2025 жыл метеорологиялық бақылау тарихындағы ыстық жылдардың бірі болды
Дүниежүзілік метеорологиялық ұйым 2025 жылдың аспаптық бақылаулар тарихындағы ең жылы үш жылдың қатарына енгенін растады. Осылайша, жаһандық жылынудың тұрақты үрдісі тоқтамай отыр, деп хабарлайды Elordainfo.kz Қазгидрометке сілтеме жасап.
ДМҰ деректеріне сәйкес, 2015–2025 жылдарды бақылау кезеңіндегі ең жылы жыл болып есептелді. Метеорологиялық ұйым жүргізген сегіз жаһандық климаттық деректер жиынтығының қорытындысы бойынша, 2025 жылы орташа жаһандық жерүсті ауа температурасы индустриялық кезеңге дейінгі (1850–1900 жж.) орташа мәннен 1,44 °C-қа жоғары болды.
«2025 жыл 176 жылдық бақылау тарихындағы ең жылы жылдардың ішінде екінші орынға, ал қалған алтысында үшінші орынға ие болды. Соңғы үш жыл — 2023 жылдан 2025 жылға дейінгі кезең — барлық сегіз дерек жиынтығында ең жылы жылдар деп танылды, ал осы үш жылдағы орташа температура индустриялық кезеңге дейінгі деңгейден 1,48 °C-қа жоғары болды», делінген хабарламада.
ДМҰ мәліметінше, былтыр салқындатушы Ла-Нинья климаттық құбылысы басталып, жылыну кезеңі аяқталғанына қарамастан, атмосферада жылуды ұстап тұратын парник газдардың жинақталуы салдарынан ол тарихтағы ең жылы жылдардың бірі болды. Құрлық пен мұхиттардың жоғары температурасы аптап ыстық, нөсер жауын-шашын және тропикалық циклондар сияқты экстремалды ауа райы құбылыстарының жиілігі мен қарқынын артыруға ықпал етті.