Аманжол Әлтай: Ата заңымызды жетілдіру процесіне барша қазақстандықтар мән беруі қажет

Бүгін, 11:17
Жібек Наурыз Жібек Наурыз
Аманжол Әлтай: Ата заңымызды жетілдіру процесіне барша қазақстандықтар мән беруі қажет
Фото: Аманжол Әлтай/Facebook

Мәжіліс депутаты Аманжол Әлтай Facebook-тегі парақшасында Конституциялық реформаның жаңа сипаты, мазмұны туралы жазды, деп хабарлады Elordainfo.kz.

«Жаңа конституция — білім мен ғылымды, иновацияны Ата заң деңгейінде қорғау имунитетіне ие болып отыр. Ұлы даланың мыңжылдық тарихының сабақтастығының сақталуына зер салынған. «Адам - мемлекет үшін» деген ұстаным мен  «Мемлекет - адам үшін» деген ұстанымның әділетті тепе-теңдігінің сақталуына мән берілген», - деді ол. 

Оның айтуынша, Ата заңның 84%-ы жаңарды. Бұл - Қазақстанда ауқымды конституциялық реформа жүргізіліп жатқанының айқын дәлелі. Жиынтық жоба бойынша Конституцияның 77 бабына түзетулер енгізілді, бұл - Ата заң мәтінінің 84%-ын қамтиды.

Жобада Преамбула, 11 бөлім, 104 бап бар. Екі жаңа бөлім қосылды, бірнеше бөлімнің атауы өзгерді.

Негізгі өзгерістер:
– жаңа бір палаталы Парламент моделі
– азаматтардың мемлекеттік басқаруға қатысуы кеңейеді.
– Конституциялық соттың құқық қорғау рөлі күшейеді.
– адам құқықтары мен бостандықтарының кепілдіктері нығаяды.

Президенттік басқару формасы сақтала отырып, мемлекеттік билік жүйесі елеулі түрде жаңғырмақ. 

«Біз Конституцияға қарап өзімізді ғана емес, әлемге Қазақстанның қандай мемлекет болғысы келетінін де көрсетеміз. Инвестор да, халықаралық әріптестер де, түйіп айтқанда өзге жұрт, ең алдымен құқықтық тұрақтылық пен адам құқығының қорғалуына қарайды.

Сондықтан да Ата заңымызды жетілдіру процесіне барша Қазақстан азаматтары мән беруі қажет. 
Ата заң — халықты қорғауға, халық — Ата заңды құрметтеуге қабілетті болуы шарт. Алдағы конституциялық референдумның маңызын еліміздің әр саналы азаматы маңызын түсінуі, белсенді қатысуы маңызды, жетілдіру процесіне барша Қазақстан азаматтары мән беруі қажет. 
Ата заң — халықты қорғауға, халық — ата заңды құрметтеуге қабілетті болуы шарт. Алдағы конституциялық референдумға еліміздің әр саналы азаматы мән беруі, белсенді қатысуы маңызды», - деп жазды депутат.