Алматы метросынан жымқырылған қаражаттың 127 млн теңгесі табылды

Алматы метросынан жымқырылған қаражаттың 127 млн теңгесі табылды
Фото: Метрополитен кәсіпорыны

127 млн теңге заңды тұлғаның банк шотынан табылды, деп хабарлайды Elordainfo.kz Бас прокуратураға сілтеме жасап.  

Ведомствоның мәліметінше, «Метрополитен» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынының лауазымды тұлғалары мердігер ұйымдардың басшы және қызметкерлерімен сөз байласып, метрополитен салу және жабдықтауға бөлінген бюджет қаражатын аса ірі мөлшерде жымқыру схемасын ұйымдастырған.

Алмалы аудандық сотының үкімімен «Метрополитеннің» және мердігер ұйымның 10 лауазымды тұлғасы ұзақ мерзімге бас бостандығынан айырылды. Олардың мүлкін тәркіленіп, келтірілген залалды ортақ тәртіппен өндіру міндеттелді.

«Кассациялық тәртіппен жымқырылған қаражаттың 127 млн теңгесі басқа заңды тұлғаның банк шотынан табылды. Прокурордың наразылығы бойынша аталмыш қаражат мемлекет кірісіне өндірілді», делінген хабарламада.

Еске сала кетсек, метрополитен, паркинг пен жертөле қабаты төтенше жағдайда халық паналайтын орынға айналдырылады.