Алматыда балалар үйінің асханасы өртенді
9 қараша, 2025
ТЖМ
Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Наурызбай ауданындағы балалар үйінің асханасынан өрт шыққан сәтте ғимарат ішінде адамдар болмаған. Зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ.
Өртке қарсы қызметі жоғары ранг бойынша жұмыс жасауда. Әкімшіліктің айтуынша, ғимаратта адамдар жоқ-тәрбиеленушілер уақтылы эвакуацияланып, қауіпсіз қашықтыққа шығарылды.
«Асхана және оған жапсарлас салынған үш қабатты ғимарат шатыры жанған. Жедел штаб құрылды, жағдайға тұрақты бақылау жүргізілуде. Сондай-ақ, өрт орнына қаланың барлық шұғыл қызметтері келді. Өрт сөндіру жұмыстары жалғасуда», - деп жазылған хабарламада.
Ұқсас жаңалықтар
9 қаңтар, 2026
Қазақстандық полиция қызметкері каратэден Әлем кубогының жеңімпазы атанды
9 қаңтар, 2026
Несиені ресімдеу алдында нені білу маңызды
9 қаңтар, 2026
Елімізде алғаш рет адамдардың цифрлық құқықтары заңнамалық тұрғыда бекітілді
9 қаңтар, 2026
2025 жылы заңсыз ұтыс ойындарын ұйымдастырған 121 адам жауапкершілікке тартылды