Алматы — қысқы туризм бойынша Азиядағы үздіктер қатарында

Бүгін, 17:15
Кербез Әлішер Кербез Әлішер
Алматы — қысқы туризм бойынша Азиядағы үздіктер қатарында
Фото: freepik.com

Agoda цифрлық туристік платформасы Алматы қаласын Азияның 2026 жылғы үздік қысқы курорттық бағыттарға қосты, деп хабарлады Elordainfo.kz Kazakh Tourism-ге сілтеме жасап.

Бұл тізімде Қазақстанмен қатар Жапониядағы Нисеко, Үндістандағы Гульмарг және Оңтүстік Кореядағы Пхенчхан курорттары бар.

Алматы динамикалық туристік бағыт ретінде ерекшеленеді және саяхатшыларды заманауи қала игіліктері, көркем табиғи ландшафт және бай мәдени өмірдің үйлесімділігімен қызықтырады.

Agoda сарапшыларының пікірінше, Азиядағы қысқы курорттар туристерге табиғи әдемілік, инфрақұрылым және мәдени алуандылық үйлесімін ұсынады.

Agoda - Оңтүстік-Шығыс Азияда танымал сандық туристік платформа және Booking Holdings корпорациясына кіреді. Сервис 6 миллионнан астам қонақ үй мен туроператорды, 130 мыңнан астам әуе бағытын және 300 мыңнан астам іс-шараны ұсынады.

Бұған дейін Vogue басылымы Қазақстанды 2025 жылғы ең үздік 14 бағытқа қосқанын жаздық.