19.11.2025
RU
Мәзір

Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

«Алматы – Петропавл» пойызының қозғалыс кестесі жаңартылады

|
Photo: «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметі
Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

«Алматы – Петропавл» пойызының қозғалыс кестесі жаңартылады

|
Photo: «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметі

15 желтоқсаннан бастап Тальго №105/106 «Алматы – Петропавл» пойызының қозғалыс кестесі жаңартылады, деп хабарлады Elordainfo.kz «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Енді аталған бағыт бойынша пойыз күнара қатынайды. Бұған дейін маршрут төрт күнде бір рет жүретін. Жиіліктің артуы оңтүстік пен солтүстік өңірлер арасындағы көлік қолжетімділігін күшейтіп, қысқы маусымда жолаушылар үшін жол жүруді едәуір қолайлы етеді.

Бағытта заманауи Talgo вагондары пайдаланылады. Олар сапардың қауіпсіздігін және жол үстіндегі жайлылықты толық қамтамасыз етеді. Мүмкіндігі шектеулі жандар үшін арнайы бейімделген орындар бөлінген, билет құнына 50%-ға дейін жеңілдік қарастырылған. Бір сапарда Тальго пойызымен 600-ден астам жолаушыны тасымалдау мүмкіндігі бар.

Билеттер bilet.railways.kz ресми сайтында және барлық теміржол вокзалдарының билет кассаларында қолжетімді. Қосымша ақпарат алу үшін 1433 нөміріне тегін қоңырау шалуға болады. Пойыздардың нақты келу және жөнелту уақыты туралы ақпаратты https://tablo-railways.kz/ru сайтындағы онлайн-табло арқылы қарауға болады.

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы ↗