08.11.2025
RU
Мәзір

Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Алматы облысында Қызыл кітапқа енген жануарды аулаған браконьерлер ұсталды

|
Photo: Фото: Рolisia.kz
Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Алматы облысында Қызыл кітапқа енген жануарды аулаған браконьерлер ұсталды

|
Photo: Фото: Рolisia.kz

Алматы облысы Балқаш ауданында Қызыл кітапқа енген жануарды атып алған браконьерлер ұсталды, деп хабарлады Elordainfo.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Алматы облысының полицейлері заңсыз аң аулау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады. Оқиғаның мән-жайын мұқият зерттеуге мүмкіндік беретін барлық қажетті сараптамалық тексерулер тағайындалды.

«Ұсталғандар заң аясында уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта қылмыстың барлық мән-жайын анықтау үшін қосымша тергеу жүргізіліп жатыр. Айта кетсек, 26 қыркүйек күні сағат 08:30-да Балқаш аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері Алматы облысы ПД ЖПҚБ және «Охотзоопром» РМҚК бірлесіп жедел-іздестіру іс-шараларын өткізді, нәтижесінде Бірлік ауылының маңындағы Қонаев – Бақанас – Қараой автожолында УАЗ автокөлігін басқарған Жетісу облысының 58 жастағы тұрғыны ұсталды», - делінген хабарламада.

Көлік құралын тексеру кезінде автокөліктің салонынан тіркелген ойық ұңғылы және тегіс ұңғылы аңшылық мылтық, сондай-ақ, болжам бойынша, Қызыл кітапқа енген қарақұйрық жануарының ұшасы табылып, тәркіленді.

Сонымен қатар көлікте үш жолаушы болған. Анықтау барысында олардың аң аулауға лицензиясы болмаған.

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы ↗