Алматы әуежайында 6,8 млрд теңге дивидендтер заңсыз төленген

Алматы әуежайында 6,8 млрд теңге дивидендтер заңсыз төленген
Фото: freepik.com

Ішкі мемлекеттік аудит комитеті профилактикалық бақылау барысында Алматы халықаралық әуежайының қаржылық қызметінде кемшіліктерді анықтаған , деп хабарлайды Elordainfo.kz Қаржы министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тексеру барысында акционер болып саналмайтын заңды тұлғаға 6,8 млрд теңге сомасына дивидендтердің заңсыз төленгені әшкереленді. Бұл стратегиялық нысанның активтері мен даму мүмкіндігін төмендетіп, оның қаржылық тұрақтылығына әсер етті. Тексеру нәтижесінде қаражат әуежайдың шотына толығымен қайтарылды. 

Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің төрағасы Ержан Мыңжасаровтың айтуынша, былтыр тың тәсілдердің арқасында бақылау органы жаппай тексерудің орнына нақты жұмысқа басымдық берген. Тұтастай алғанда, тексерулер 22%-ға қысқарып, анықталған бұзушылықтар сомасы 36% ұлғайған. 2025 жылдың қорытындысы бойынша бюджетке  400 млрд теңге қайтарылып, сондай-ақ 1,2 млрд теңге көлемінде айыппұл өндірілді. 

Еске сала кетсек, Катонқарағай, Зайсан және Кендірлі курорттық аймақтарында әуежай салынып жатыр.