Әлихан Бәйменов Конституция тіліне қатысты пікір білдірді

Әлихан Бәйменов Конституция тіліне қатысты пікір білдірді
Фото: Alikhan Baimen/facebook.com

Қоғам қайраткері, Астана мемлекеттік қызмет хабы басқару комитетінің төрағасы Әлихан Бәйменов Конституция тіліне қатысты пікір білдірді, деп хабарлады Elordainfo.kz

«Конституциядағы хақ, хұқық және судья хақында... «Хақ» және одан туындаған сөздер Конституция мәтінінде 19 рет, ал «құқық» және одан туындаған сөздер 127 рет қолданылған және олар бірде адам мен азаматқа, бірде мемлекеттік құрылымдарға қатысты аралас қолданылған. 1995 жылы мамандар арасында да пікір алуандығы болған шығар. Менің ойымша азамат пен адамға қатысты жерде «хақ», ал жүйе мен билік тармақтарына қатысты жерде «хұқық» сөзін пайдаланған жөн. Комиссия тілдік сараптама да жасаған болар деп үміттенеміз», - деп жазды Әлихан Бәйменов Facebook парақшасында.

Бұған дейін жаңа Парламенттің негізгі мемлекеттік институттардың қызметін қамтамасыз етудегі өкілеттіктері талқыланғанын жаздық.