Алдағы үш күнде елімізде ауа райы қандай болады

Алдағы үш күнде елімізде ауа райы қандай болады
Фото: Астана қаласы әкімдігі

Қазгидромет 27-29 қаңтарға арналған ауа райы болжамын жария етті, деп хабарлайды Elordainfo.kz.

Синоптиктердің болжауынша, алдағы күндері оңтүстік циклон шығысқа қарай жылжып, республиканың басым бөлігін қамтиды. Ел аумағында қар жауады, ал оңтүстік және оңтүстік-шығыс өңірлерде қар аралас жауын жаууы ықтимал. Кей жерлерде жел күшейіп, боран соғып, көктайғақ болады.

Солтүстік-батыс, солтүстік және орталық аймақтар антициклонның ықпалында болады. Бұл өңірлерде тынық, аязды, негізінен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.

Кезеңнің басында батыс және солтүстік облыстарда аязды ауа райы күтіледі, түнгі ауа температурасы -20…-35°С шамасында болады. Кейін ауа температурасының жоғарылауы болжанады: батыс пен солтүстікте түнде -7…-20°С-қа дейін, күндіз -2…-12°С-қа дейін.

Ал орталық, шығыс және оңтүстік-шығыс өңірлерде ауа температурасының төмендейді: түнде -3…-18°С, таулы аудандарда -15…-23°С, күндіз 0…-7°С, таулы жерлерде -8…-15°С болады.

Еске сала кетсек, 2025 жыл метеорологиялық бақылау тарихындағы ыстық жылдардың бірі болды.