Ақмола облысында математика пәнінің мұғалімі бір килограм есірткімен ұсталды
22 мамыр, 2025
Фото: Polisia.kz
Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитетінің қызметкерлері иттің көмегімен Ақмола облысы Талапкер ауылы маңындағы автожолда өңіраралық курьерді ұстады, деп хабарлады Elordainfo.kz Polisia.kz-сілтеме жасап.
«Тексеру барысында ұсталған азаматтың Қостанай—Семей бағыты бойынша есірткі заттарын тасымалдағаны анықталды. Курьер бұрын математика пәнінің мұғалімі болған. Көлікті тексеру кезінде артқы орындықта тұрған рюкзактың ішінен синтетикалық есірткі «мефедрон» салынған пакет табылды», – деді ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті төрағасының орынбасары Қуандық Әлжанов.
Тәркіленген заттың жалпы салмағы бір килограм болды. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Аталған бағыттағы жұмыс жалғасады.
Ұқсас жаңалықтар
27 қыркүйек, 2026
Маңғыстаудағы қайғылы оқиға: ақпараттық манипуляцияларға қарсы фактілер
25 қыркүйек, 2026
Жезқазғанда құтқарушылар пәтерде қамалып қалған екі балаға көмектесті
25 қыркүйек, 2026
Елордада полиция қызметкері биіктіктен құлайын деп тұрған қызды құтқарып қалды
25 қыркүйек, 2026
Каспийде аман қалған Атырау облысының сарбазы жағаға өз күшімен жеткен