Ағайынды Сабырхандар әкелеріне ерекше сый жасады (ВИДЕО)
29 қаңтар, 2025
Фото: instagram.com/sabyrkhan_makhmud
Бокстан әлем чемпионы Махмұд Сабырхан мен оның туған інісі Төрехан Сабырхан әкесінің туған күніне ерекше сый жасады. Даңқты боксшылар айтулы күнге орай Toyota Highlander автокөлігін сатып алып, оны салтанатты түрде табыстады, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Қуанышты жаңалығымен Махмұд өзінің Instagram парақшасында бөлісті.
Айта кетейік, Махмұд Сабырхан әлем және Азия чемпионы, Олимпиада ойындарына екі рет қатысқан.
Ал оның туған інісі Төрехан Сабырхан болса жастар арасында әлем және Азия чемпионы. Ол тек былтыр желтоқсан айында ғана ересектер қатарына өтіп, бірден Қазақстан чемпионы атанды. Төрехан спорттық мансабында бірде-бір жарыста жеңіліп көрмеген.
Ұқсас жаңалықтар
14 маусым, 2026
Қазақстан Қытайда өткен триатлоннан Азия чемпионатында екі алтын медаль жеңіп алды
14 маусым, 2026
Бүгін елордада Phygital Contenders Astana 2026 чемпиондары анықталады
14 маусым, 2026
Ұландық спортшы панкратионнан Азияның үш дүркін чемпионы атанды
12 маусым, 2026
Билли Джин Кинг кубогы: қазақстандық теннисшілердің қарсыластары анықталды