330 млрд цифрлық теңге айналымға шықты - Ұлттық банк

330 млрд цифрлық теңге айналымға шықты - Ұлттық банк
Фотоиллюстрация: Gemini AI

Қазақстанда 330 млрд-тан астам цифрлық теңге айналымға шықты. Бұл цифрлық теңгелер мемлекеттік сатып алу кезінде, ауыл шаруашылығы саласында субсидия беру барысында және тағы басқа бірқатар пилотық жоба аясында қолданылған, деп хабарлайды Elordainfo.kz. Ұлттық банкке сілтеме жасап.  

Цифрлық теңгені енгізудегі жаңашылдықтар жайында ҚР Ұлттық банкі Ақпарат және коммуникациялар департаментінің директоры Асан Ахметжан «24KZ» телеарнасындағы «Түйін» бағдарламасына берген сұхбатында айтты. 

«Осы күнге дейін нарыққа, экономикамызға айналымға шыққан цифрлық теңгенің көлемін айтар болсақ, 330 млрд-тан астам цифрлық теңге айналымға шықты. Цифрлық теңге бұл - біріншіден, мемлекет тарапынан бөлінетін қаражаттың мақсатты жұмсалуын жүзеге асыруға зор мүмкіндік береді. Тағы бір артықшылығы - құқықбұзушылықтарды, алаяқтық әрекеттің алдын алуға мүмкіндік береді», - деді Асан Ахметжан.

Ол цифрлық теңге қолданылған нақты жобаларды мысалға келтірді. «Достық-Мойынты» темір жолының құрылысы, Ақмола облысында диқандарға субсиядия бөлу барысында цифрлық теңге қолданылған. Цифрлық теңгенің басты артықшылығы - оның қай мақсатқа жұмсалатынын бағдарламалауға болады.

«Цифрлық теңгені бағдарламалаған кезде, мысалы, жол құрылысына бөлінген қаражатты мердігер компания осы жолды салуға қажетті материалдарды, қызметтерді сатып алуға, басқа да шығындарына жұмсай алады. Бірақ, одан тыс пайдалануға, шетелге аударуға мүмкіндік болмайды. Сол сияқты, диқандардың қызметінде де. Мысалы ол субсидия тыңайтқыш сатып алуға бөлінді ме, ол ақшаны тек қана тыңайтқыш сатып алуға жұмсай алады. Субсидияны алып өзіне жаңа көлік сатып ала алмайды, пәтер сатып ала алмайды деген сияқты механизмдері бар», - деді Ұлттық банк өкілі. 

Еске сала кетсек, бұған дейін Ұлттық банк цифрлық теңге төңірегінде алаяқтық көбегенін ескертті.