3 мыңнан астам SIM-карта тәркіленді: киберпол интернет-алаяқтарға қызмет көрсеткен арнаны жойды
Шымкент қаласында киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері интернет-алаяқтарды қазақстандық SIM-карталармен қамтамасыз етіп келген арнаның жолын кесті, деп хабарлайды Elordainfo.kz ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жүргізілген мұқият талдау және жедел іс-шаралар нәтижесінде алаяқтарды қазақстандық байланыс операторларының абоненттік нөмірлерімен қамтамасыз еткен тұлғалар анықталды. Алаяқтар осының арқасында қазақстандық нөмірлерге тіркелген аккаунттарды өз бақылауына алып, қылмыстық схемаларда қолданған.
SIM-карталарды жаппай тіркеп, үшінші тұлғаларға WhatsApp мессенджеріндегі растау кодтарын беріп отырған ер адам ұсталды, - делінген хабарламада.
Еске салайық, бұған дейін елорда тұрғыны көлік сатып аламын деп 16 млн теңгесінен айырылып қалғанын жаздық.