25 млн теңге жүлде: елдегі ең үздік жасанды интеллект жобалары анықталды

Бүгін, 16:14
Жібек Наурыз Жібек Наурыз
25 млн теңге жүлде: елдегі ең үздік жасанды интеллект жобалары анықталды
Фото: ҚР Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі

alem.ai халықаралық жасанды интеллект орталығында alem.ai battle атты ұлттық AI-жобалар байқауы өз мәресіне жетті, деп хабарлайды Elordainfo.kz Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Оған Қазақстанның барлық өңірінен шамамен 830 өтінім келіп түсті. Соның ішінде 20 үздік команда финалға шықты.

Цифрландыру және жасанды интеллект жылы аясындағы байқау AI саласындағы ең ірі бастамалардың бірі болды. Ол мектеп оқушыларын, студенттерді, стартаптарды және зерттеушілерді біріктірді. Жоба идеядан бастап дайын өнімге дейінгі толық жолды қамтыды, яғни алғашқы прототиптен бастап, нарықта нақты сұранысы мен қолданушылары бар шешімдер ұсынылды.

Еске салайық, бұған дейін елімізде үш жүзден астам өндірістік робот жұмыс істейтіні туралы жаздық.