Референдум-2026

«24KZ» телеарнасындағы «Басты дебатқа» қатысатын партиялардың реттік нөмірлері анықталды

«24KZ» телеарнасындағы «Басты дебатқа» қатысатын партиялардың реттік нөмірлері анықталды
Фото: 24KZ телеарнасы

«24KZ» телеарнасындағы телевизиялық пікірсайысқа қатысатын партиялардың реттік нөмірлері анықталды, деп хабарлайды Elordainfo.kz телеарнаға сілтеме жасап.

Бүгін «24KZ» телеарнасында «Басты дебат – 2026» телевизиялық пікірталасына қатысатын саяси партиялардың сөз сөйлеу кезегін анықтау үшін жеребе тарту рәсімі өтті.

Жеребе басты теледебатқа бір күн қалғанда, сағат 10:00-де «24KZ» телеарнасының тікелей эфирінде ұйымдастырылды. Нәтижесінде жеті саяси партияның дебат барысында сөз сөйлеу реті айқындалды.

Жеребе тарту рәсіміне қатысқан саяси партиялардың өкілдері:

1. «Әділет» партиясы – Ләззат Шыңғысбаева, «Әділет» партиясынан Құрылтай депутаттығына үміткер;

2. Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы (ЖСДП) – Мақсұт Насибұлов, партияның орталық аппаратының жетекшісі;

3. «Байтақ» жасылдар партиясы – Нариман Баубек, «Байтақ» партиясынан Құрылтай депутаттығына үміткер;

4. Қазақстан Халық партиясы (ҚХП) – Бейбіт Құсайынов, партия төрағасының орынбасары;

5. «Ауыл» партиясы – Шахмардан Байманов, партия төрағасының орынбасары – аппарат басшысы;

6. «Ақ жол» демократиялық партиясы – Асылхан Қожахметов, партияның республикалық штабының жетекшісі;

7. Respublica партиясы – Жанат Ысқақов, партия төрағасының орынбасары – Орталық аппарат жетекшісі.

Бүгін «24KZ» телеарнасының тікелей эфирінде өткен жеребе тарту рәсімі барысында партиялардың «Басты дебатқа» реттік нөмірі:

1. «Respublica» партиясы
2. «Байтақ» жасылдар партиясы
3. «Ақ жол» демократиялық партиясы
4.«Әділет» партиясы
5. «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы
6. Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы (ЖСДП)
7. Қазақстан Халық партиясы (ҚХП)

24KZ телеарнасы

Естеріңізге сала кетейік, 19 тамыз күні сағат 20:00-де «24KZ» телеарнасының тікелей эфирінде «Басты дебат – 2026» телевизиялық пікірталасы өтеді. Бұл – ел тарихындағы алғаш Құрылтай сайлауы алдындағы соңғы теледебат. Басты теледебатта жеті  партияның көшбасшысы бір алаңда бас қосады.

Саяси пікірталастың негізгі тақырыбы – «Дамыған экономика – қуатты қоғам». Дебат модераторлары – белгілі тележүргізушілер Нұрсұлтан Құрман мен Мөлдір Досбай. Азаматтардан келіп түсетін сауалдарды байланыс орталығы арқылы Сағыныш Әбікей қабылдайды.