15 сәуірде Қазақстанда телерадио хабарлары уақытша тоқтайды
15 сәуір күні сағат 03:00-ден 17:00-ге дейін Қазақстан аумағында телерадио хабарларын тарату уақытша тоқтатылады, деп хабарлайды Elordainfo.kz «Қазтелерадио» акционерлік қоғамына сілтеме жасап.
Бұл кезеңде жерсеріктік, цифрлық және аналогтық эфирлік желілерде жоспарлы-профилактикалық жұмыстар жүргізіледі.
Қазтелерадио мәліметінше, аталған жұмыстар сервистерді уақытша өшіру арқылы жүзеге асады. Соның салдарынан бүкіл ел бойынша телерадиоарналардың ретрансляциясы тоқтайды.
Компания мұндай профилактикалық жұмыстарды тоқсан сайын өткізіп отырады. Бұл телерадио хабар тарату сапасын арттыру және техникалық құралдарды жаңғырту үшін қажет. Сонымен қатар, осы кезеңде қосымша жаңарту жұмыстары да жүргізіледі.
Уақытша қолайсыздықтар үшін тұрғындардан кешірім сұралды.
Еске салсақ, Қазақстан Climatescope рейтингінде 24-орынға көтерілді.