Қазақстан Climatescope рейтингінде 24-орынға көтерілді

Бүгін, 14:02
Думан Аманжол Думан Аманжол
Қазақстан Climatescope рейтингінде 24-орынға көтерілді
Фото: Энергетика министрлігі

Қазақстан Climatescope рейтингінде позициясын жақсартты, деп хабарлайды Elordainfo.kz  Энергетика министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Соңғы жылдары Climatescope халықаралық рейтингінде Қазақстан айтарлықтай ілгеріледі. Ел 2017 жылғы 54-орыннан 2025 жылы 24-орынға дейін көтерілді. Бұл — таза энергетика саласының қарқынды дамып жатқанын және инвестициялық ахуалдың жақсарғанын көрсетеді.

Қазақстандағы Жаңартылатын энергия көздері жобаларына тартылатын инвестиция көлемі өсіп келеді. Мемлекет тарапынан қолдау шаралары күшейтіліп, аукциондар мен «жасыл» энергияны кепілді сатып алу тетіктері енгізілген.

«Қазақстан таза энергетиканы дамыту жолында маңызды қадамдар жасап келеді. Инвесторлардың қызығушылығының артуы және нарықтық жағдайлардың жақсаруы республиканың төмен көміртекті технологиялар үшін капитал тарту бойынша өңірдегі көшбасшылардың біріне айналғанын айғақтайды», делінеді хабарламада.

Қазақстан нарығына бірқатар ірі энергетикалық компаниялар келді. Олардың қатарында: TotalEnergies, China Power, Masdar, China Energy бар. 

Ұзақ мерзімді перспективада Қазақстан 2035 жылға дейін 8 ГВт-тан астам ЖЭК қуатын іске қосуды жоспарлап отыр. Бұл ұлттық энергия жүйесінің тұрақтылығын арттырады және энергия көздерін әртараптандыруға мүмкіндік береді.

Climatescope рейтингі елдерді бірнеше негізгі көрсеткіш бойынша бағалайды: инвестиция деңгейі, инфрақұрылым, саяси қолдау мен нарықтық мүмкіндіктер.

Қазақстан осы бағыттардың барлығында тұрақты өсім көрсетіп, «жасыл» экономикаға көшу бойынша жаңа мүмкіндіктер ашуда.

Еске салсақ, Қазақстан әлемдік білім беру рейтингінде 18-орынға көтерілді