Референдум-2026

1,2 млрд теңге үнемделді: Семейде жол жөндеу жоспары қайта қаралды

Бүгін, 10:12
Думан Аманжол Думан Аманжол
1,2 млрд теңге үнемделді: Семейде жол жөндеу жоспары қайта қаралды
Фото: Оңалхан Өнерхан

Семей қаласының прокуратурасы 1,8 млрд теңгеге жол инфрақұрылымын ағымдағы жөндеу жұмыстары бойынша мемлекеттік сатып алуды жоспарлау барысында заң бұзушылықтарды анықтады, деп хабарлайды Elordainfo.kz Бас прокуратураға сілтеме жасап.

Тексеріс барысында жұмыстарды екі жыл ішінде орындау жоспарланғаны, алайда бюджеттен қаржыландыру тек ағымдағы қаржы жылына ғана көзделгені белгілі болды. Бұл бюджет қаражатының тиімсіз пайдаланылу қаупін тудырған.  

Прокурорлық қадағалау актісі негізінде анықталған заң бұзушылықтар жойылды. Нәтижесінде 1,2 млрд теңгеден астам бюджет қаражатының тиімсіз жұмсалуына жол берілмеді, - делінген хабарламада.

Бас прокуратура мемлекеттік қаражаттың заңды әрі тиімді пайдаланылуын қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстар жалғасатынын хабарлады.