Жоңғар Алатауы ұлттық паркінде қар барысы фототұзаққа түсіп қалды

фото: видеодан алынған кадр
Жоңғар Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағында сирек кездесетін әрі жасырын өмір салтын ұстанатын жыртқыш – қар барысы (ирбис) фототұзаққа түсіп қалды, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің мәліметінше, бұл бірегей кадрлар жоспарлы экологиялық мониторинг аясында алынған.
«Қар барысы Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енгізілген және жойылып бара жатқан түрлер қатарына жатады. Оның табиғи ортада көрінуі экожүйенің тұрақты жағдайын және жүргізіліп жатқан табиғатты қорғау шараларының тиімділігін көрсетеді»,- делінген хабарламада.
Ұқсас жаңалықтар

12 қыркүйек, 2025
Гір көтеру спортынан үш дүркін әлем чемпионы әскерде борышын өтеп жүр

12 қыркүйек, 2025
Қазақстан бейбітсүйгіштік рейтингі бойынша ТМД елдері арасында бірінші орында

11 қыркүйек, 2025
Абай облысында жыл басынан бері қос азаматтық үшін 15 адам жауапқа тартылды

11 қыркүйек, 2025
Маңғыстауда мұнай-газ саласындағы бюджет қаражатын жымқырғандар сотталды