Жигули Дайрабаев партиядағы қызметінен босатылды
Фото: Facebook/Жигули Дайрабаев
Мәжіліс депутаты Жигули Дайрабаев «Ауыл» партиясы төрағасының орынбасары қызметінен босатылды, деп хабарлады Elordainfo.kz партияның ресми мәлімдемесіне сілтеме жасап.
«Ауыл» партиясының ресми сайтындағы «Хабарландыру» бөлімінде партияның саяси кеңесі төралқасының соңғы отырысының қорытындысы бойынша екі құжат жарияланды.
Отырыстың күн тәртібінде екі мәселе қаралды.
Бірінші қаралған мәселе – Ақтөбе өңірлік филиалының партия жарғысын өрескел бұзуы.
Екінші мәселе партия төрағасының орынбасары Жигули Дайрабаевты қызметінен босатуға қатысты болды.
«Төралқа мүшелері бұл шешімге бірауыздан дауыс берді», - делінген партияның баспасөз хабарламасында.

Ұқсас жаңалықтар
24 қазан, 2025
ХҚКО мереке және демалыс күндері қалай жұмыс істейді
24 қазан, 2025
«Сіз салық декларациясын уақытылы тапсырмағансыз»: алаяқтар жаңа әдіс ойлап тапты
24 қазан, 2025
«Хабар» агенттігі 30 жылдық мерейтойын атап өтті
23 қазан, 2025
«Заң мен тәртіп» тұжырымдамасын ілгерілету жөнінде жаңа кеңсе құрылады
