00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

«Жерұйық»: Жетісу облысында өңірлік тұрғын үй бағдарламасы іске қосылады

«Жерұйық»: Жетісу облысында өңірлік тұрғын үй бағдарламасы іске қосылады
фото: freepik.com

 Отбасы банк және Жетісу облысының әкімдігі «Жерұйық» атты өңірлік тұрғын үй бағдарламасын іске қосады, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Бастапқы жарнасы 10%-дан бастап. Заем бойынша мөлшерлеме жылдық 5% (ЖТСМ 5,2%-дан 5,7%-ға дейін). Қарыздың ең жоғарғы сомасы – 15 млн теңгеге дейін. Егер тұрғын үй құны осы сомадан асып кетсе, онда бағдарламаға қатысушы айырмасын өз тарапынан төлей алады. Кредит 19 жылға дейінгі мерзімге беріледі.

«Жерұйық» бағдарламасы бойынша бастапқы және қайталама нарықта пәтер немесе жер учаскесі бар жеке үй сатып алуға болады. 

Бағдарламаны іске асыру үшін облыс әкімдігі 1 млрд теңге бөледі. Жаңа жоба өңір тұрғындарына тұрғын үй мәселесін шешуге мүмкіндік береді, сондай-ақ білікті кадрларды осы жерлерде ұстап қалу арқылы ішкі көші-қонның алдын алады.

Өтінімдерді қабылдау 2024 жылғы 10 қыркүйектен бастап 10 қазанды қоса алғанға  дейін жалғасады. Өтінімдер Жетісу облысының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығының аудандық бөлімшелерінде қабылданады. Онда қатысушыларды саралау жүргізіледі. Тізімге ең көп ұпай жинағандар кіреді. Олардың санына отбасылық жағдай, балалардың болуы, облыстық тіркеудің ұзақтығы әсер етеді.«Жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар» санаты бойынша бағдарламаға қатысушылар, сондай-ақ мүмкіндіктері шектеулі азаматтар немесе мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеп отырған азаматтар қосымша ұпай қосылады.

«Жерұйық» бағдарламасына өтінім беру үшін келесі талаптарға сәйкес болу қажет:

  • соңғы 5 жыл ішінде бағдарламаға қатысушының және оның отбасы мүшелерінің меншігінде тұрғын үйдің (оның ішінде сатып алу құқығымен жалға берілетін тұрғын үй мен үлестің) болмауы. Отбасы мүшелеріне: жұбайы, зайыбы және олардың кәмелетке толмаған балалары жатады;
  • соңғы жұмыс орнында міндетті зейнетақы жарналарымен расталған кемінде 6 ай жұмыс өтілінің болуы.
  • Жетісу облысының аудандарында немесе ауылдық округтерінде тіркеудің болуы.

Былтырғы жылдан бері Отбасы банк өз қызметін аудандардың, моноқалалар мен ауылдардың тұрғындарын тұрғын үймен қамтамасыз етуге бағыттай бастады. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің «Әділ Қазақстанның экономикалық бағыты» атты Қазақстан халқына жолдауында банкке дәл осындай тапсырма берді.