Жер қойнауын пайдаланушылардан 61 лицензия қайтарып алынды

Бүгін, 16:31
Кербез Әлішер Кербез Әлішер
views37
Жер қойнауын пайдаланушылардан 61 лицензия қайтарып алынды
фото: freepik.com

Қазақстанда заң бұзушылықтар үшін жер қойнауын пайдаланушылардан 61 лицензия қайтарып алынды, деп хабарлады Elordainfo.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Үкімет Президент Жолдауында айтылған «Заң мен тәртіп» қағидатын жүзеге асыра отырып, жер қойнауын пайдалану саласындағы келісімшарттық міндеттемелердің орындалуын бақылауды күшейтуде. Мониторинг нәтижесі бойынша жосықсыз пайдаланушыларға қатысты қатаң шаралар қолданылды: 37 келісімшарт бұзылып, 61 лицензияның күші жойылды.

Жүргізілген тексеру нәтижесінде заң бұзған компанияларға жалпы көлемі 910 млн теңге болатын тұрақсыздық айып салынды. ІІМ және ҰҚК-мен бірлесіп, еліміздің төрт өңірінде пайдалы қазбаларды заңсыз өндіру жұмыстарының жолы кесілді. Бұл жұмыс жүйелі сипатқа ие: 3-ші тоқсанда бұзушылықтар туралы тағы 350 хабарлама жолдау және 65 көшпелі тексеру жүргізу жоспарлануда.

 Саладағы тәртіпті қалпына келтіру рәсімдердің ашықтығын арттырумен қатар жүреді. 41 жер қойнауы учаскесі бойынша өткізілген 3 электронды аукцион бюджетке қол қою бонустары түрінде 27,8 млрд теңге әкелді. Заңнамаларды жетілдіру және процестерді цифрландыру бойынша жұмыс жалғасуда.