Желіде Қаржы министрлігі өтемақы төлейтіні туралы жалған ақпарат тарады
12 ақпан, 2024
Елорда ақпарат
коллаж Elorda.info
Желіде Қаржы министрлігі өтемақы төлейтіні туралы жалған ақпарат тарады
Төлемдер туралы ақпарат орналастырылған порталдың домені .com. Бұл қазақстандық ведомствоның ресми парақшасы емес, елімізде мемлекеттік органдардың барлық сайттары қазақстандық .kz доменінде орналасқан.
ҚР Қаржы министрлігінің баспасөз қызметі ведомствоның жалған сайтқа ешқандай қатысы жоқ екенін растады. Фишингтік сілтеме алаяқтық мақсатта жасалған веб-ресурсқа апарады. Онда шыққан өтемақы туралы ақпарат шындыққа жанаспайды.
ҚР Қаржы министрлігі қазақстандықтарды күмәнді ресурстарда жеке деректерін қалдырмауын сұрайды. Сондай-ақ ведомствоның ресми порталында орналастырылған тексерілген ақпаратқа ғана сенуге шақырады.
Ұқсас жаңалықтар