Астананың «Жеңіс» футбол клубы ойыншысы жол апатынан көз жұмды

Павлодар-Астана тас жолындағы жол-көлік оқиғасы салдарынан «Жеңіс» футбол клубының ойыншысы қайтыс болды. Бұл туралы клубтың ресми парақшасында мәлімдеді, деп хабарлады Elordainfo.kz.
БАҚ-қа таратқан мәліметке сүйенсек, жүргізуші жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етпей, арақашықтықты сақтамаған. Нәтижесінде көлік жүк көлігімен соқтығысқан.
«Жеңіс» футбол клубы Виктория Кайсаринованың отбасы мен жақындарына осы қайғылы жағдайға байланысты терең қайғырып, көңіл айтады. Бүгін Павлодар-Астана тас жолындағы жол-көлік оқиғасы салдарынан біздің команданың футболшысы Виктория Кайсаринова көз жұмды. Бұл жағдайға әлі де сену қиын. Бұл біздің бүкіл клуб үшін ауыр және орны толмас қаза. Виктория жарқын ойыншы және нағыз дос болды. Біз оның отбасымен, туыстарымен және жақындарымен бірге қайғырамыз. Ол біздің жүрегімізде мәңгі сақталады», - деп жазылған хабарламада.



